Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігі жолда тұрып қалған жүргізушіге полицейлер көмек көрсетті

Келес аудандық полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара барысында Келес АПБ-нің Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Мұратбек Жанадилов және Келес АПБ-нің штат тобының аға инспекторы Әбдіқадір Әділбек жол бойында “Passat” автокөлігінің тоқтап тұрғанын көрген. Автокөлік жүргізушісінің жанына барып, мән-жайды сұрастыру барысында көлігінің бұзылып тұрғаны анықталды. Содан соң тәртіп сақшылары автокөліктің иесіне тиісті қол ұшын созып, жүріп кетуіне барынша көмектерін көрсетті.

Осы орайда жергілікті тұрғын көлік жүргізушісі Нұрғазы Сариев полицейлерге өз алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. 

Алдағы уақыттарда да осындай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады. Ел қамын ойлайтын полиция қызметкерлері тұрғындардың жолда қалып қоймауларын да бақылауда. Бұл – бір ғана оқиға. Түркістан облысының полицейлері қашан да халыққа қамқоршы, қорғаушы, қолдаушы болмақ.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жолға шығар алдын көлігіңіздің жанармайын толтырып, ас-суларыңызды қамдап шығыңыздар деп кеңес береді. Осындай жағдайға тап болсаңыздар, тез арада полицияның “102” телефонына қоңырау шалыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру