Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде 64 мас жүргізуші ұсталды

Полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс – шарасының үш күндік нәтижесін есептеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жол-патрульдік полиция жасақтары қарсы қозғалыс жолағына шығу, авариялық жағдай жасау, автомобильді жүргізуші куәлігінсіз басқару және жол жүру қағидаларын бұзудың басқа да фактілерін анықтап, жолын кесуде.

Бұдан өзге, саптық бөлімшелердің жеке құрамы масаң күйде көлік құралдарын басқару деректерінің жолын кесіп, көлік құралдарын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланатын жүздеген жүргізушілерді, жол-көлік оқиғаларын жасауға және жолдарда авариялық жағдайларды туындатуға ықпал ететін автокөлікті пайдалану қағидаларын бұзу деректерін анықтауда.

Тек үш күннің ішінде облыс жолдарында 64 жүргізуші алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде ұсталды. Мас күйде көлік жүргізу кезінде олар өздеріне ғана емес, жалпы қоғамға да қауіп төндіреді. Айта кету керек, көңіл көтеру орындары да назардан тыс қалмауда, келушілер спирттік ішімдіктерді ішкеннен кейін рөлге отырады және сол себепті де жиі жол-көлік оқиғаларына кінәлі болады.

Алматы облысының полициясы қаланың жүргізуші құрамын, сондай-ақ жаяу жүргіншілерін жолдардағы ең кішкентай құқық бұзушылықтарға ымырасыздық танытпауға және оларға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру