«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: алаяқ ақтөбелік жігітті алдап кетті
Ақтөбеліктерді алдаған алаяқтардың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, тексеру және қырағылық таныту қажет.
Биылғы жылдың 5 қыркүйек күні 22 жастағы жергілікті қала тұрғыны, студенттің ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
Жүргізуші куәлігін алуға көмектесу сылтаумен алаяқ 20 жастағы университет студентінен 180 мың теңге сомасында ақша алған. Жәбірленуші ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Күдікті анықталып, оны ұстау шаралары қабылданды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тағы бір жағдай, 20 қыркүйек күні 40 жастағы қала тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам өз еркімен оның компьютерлік техникасын – алты дана мониторды, бес дана процессорды, үш дана пернетақтаны және үш дана тышқан құрылғысын иемденген. Шығын 709 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 40 жастағы ақтөбелік болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу басталды.