СҚО полицейлері жол қауіпсіздігі жөнінде онлайн-сабақ өткізді
СҚО полицейлері жол қауіпсіздігі жөнінде онлайн-сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол қауіпсіздігі жөнінде алғашқы онлайн сабақ өткізді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Zoom» қосымшасы арқылы оқушылармен байланысқа шықты. Петропавл қаласындағы №1 мектептің 7-сынып оқушылары онлайн-режимінде өткен сабаққа алғашқы тыңдаушы болды, оның барысында оқушыларға жол ережелері түсіндірілді.
– Балаларға жолда өзін-өзі қалай ұстау қажеттігі жайлы кішкентай кезінен бастап үйрету керек. Балалардың қашықтықтан оқуға көшкенін ескере отырып, біз онлайн сабақ өткіздік. Біздің міндетіміз – жол ережесін сақтайтын тәртіпті жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелеу, – деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Жамұқов.
Оның айтуынша, жаяу жүргіншілердің көшелердегі жүріс-тұрысынан олардың ғана емес, басқа да жол жүрісіне қатысушылардың да қауіпсіздігі байланысты. Ол мектеп оқушыларына жолда әркім білуі тиіс жол белгілері туралы айтты.
– Сендер көшелердегі жаяу жүргіншілерге арналған жекелеген учаскелердегі қауіпті жағдай туралы, сондай-ақ жол жүрісінің негізгі ережелерін білулерің тиіс, – дей келе, полиция капитаны жаяу жүргіншілер Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске салды.
Жыл басынан бері СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алды.