Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемесіне спирт кіргізбек болды

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекеме қызметкерлері спорттық аяқ киімінің ішінен 20 мың теңге және үш литр спирт тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ мекемелерінің аумағында тыйым салынған заттарды алудың бірнеше рет ескертулері мен мысалдарына қарамастан, сотталғандардың туыстары мен жақындары кейде кезекті «тыйым салынған» заттарды алып кіру үшін өнертапқыштық танытады.

Мәселен, ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері бақылап өткізу бекетінде сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың өту жолын кесті.

Бұл жолы сотталғанға сәлем-сауқат алып келген досынан мекеме қызметкерлері спорттық аяқ киімге жасырылған 20 мың теңге мен үш литр кола ыдысына құйылған спиртті тауып, тәркіледі.

Заттарды алып қою кезінде азамат өз кінәсін мойындап, оны осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға жасырып беріп жіберуді ұйымдастырған. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік пен он айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Бұл дерек ҚАЖ мекемесінің есепке алу және ақпараттар кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру