Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы зейнеткерлік демалысқа шықты
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығын Департамент қызметкерлері құрметті демалысқа шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында және Қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен әділет полковнигі Ризабек Даулетов – білгір басшы, жас қызметкерлер үшін үлгі болатын азамат, – деді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек Габдуллин.
20 жылдан астам қылмыстық-атқару жүйесі саласында қажырлы еңбек еткен Ризабек Дәулетовті ҚР ІІМ ҚАЖК басшылығы мен Департаменттің жеке құрамы зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.
Ризабек Даулетов өз кезегінде барша әріптестеріне алғыс білдіріп, сала жұмысын жандандыру үшін аянбай жұмыс істеуге шақырды.