Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері жүк көліктерінің жүргізушілері жасаған құқық бұзушылықтарды анықтауда

Атырауда бір күнде жүк көліктерінің жүргізушілері жасаған 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау қаласы аумағында жол жүру ережелерін  бұзған жүк автокөліктерін тоқтатуда.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы  (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау)  бойынша жүк көліктерінің 12 жүргізушісіне қатысты хаттамалар толтырылып, 50 мың 004 теңге айыппұл салынды.

Жалпы жыл басынан бері жүк көліктерінің жүргізушілеріне  қатысты 435 хаттама толтырылып, оларға 1 812 645 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жауап қалдыру