Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторлары 5 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады.

“Учаске” жедел-профилактикалық  іс-шарасын өткізу барысында Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторлары 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйектен бастап облыс көлемінде “Учаске” жедел-профилактикалық  іс-шарасы өткізілуде.

Шара басталғалы облыс орталығында заңсыз жалға ұсынылып жүрген 43 пәтер  анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында  жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар тұрғылықты жері жоқ 10 адам анықталып, қабылдау-тарату орындарына орналастырылды.

Бұдан басқа қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдаудың 15 дерегі анықталды.

Аталған іс-шара 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру