Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

61 жастағы тұрғыннан қолдан жасалған тапанша алынды

Ақтөбе облысының 61 жастағы тұрғынынан қолдан жасалған тапанша алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Мәртөк ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы ауданның 61 жастағы тұрғынының үйінен тапаншаға ұқсас қолдан жасалған құрылғыны тәркіледі.

Криминалист маманның сараптама қорытындысына сәйкес аталған қару оқ атуға жарамды қолдан жасалған тапанша болып табылады.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының ПД заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру