Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында мал ұрлығы азайды

Алматы облысында мал ұрлықтарының саны азайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өңірде мал ұрлықтарының саны азайған.

"Бұл бағыттағы қылмыстардың жолын кесу мақсатында мал ұрлықтарының алдын алу бойынша жоспар әзірленді. Оны іске асыру аясында  облыс көлемінде 1 мың 149 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 61 - негізгі аудандық жолдарда, тағы 1 мың 088 мал сою және өткізу орындарында. Жыл соңына дейін тағы 250 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, келесі жылы облыстың 11 ауданында 886 камера орнатуға жобалық - сметалық құжаттама әзірленді",- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру