Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері дәрігердің ақшасын жымқырған ұрыны қолға түсірді

Қарағандыда дәрігердің қызметтік бөлмесінен ұрлық жасаған азамат ұсталды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазан күні Қарағанды қалаcының полицейлеріне 35 жастағы қала тұрғыны хабарласып, дәрігер екенін және жұмыс кабинетінде науқас ер адамды қабылдағаннан кейін қол сөмкесінен құжаттарының және  63 мың теңге ақшасының жоғалғанын айтып арызданған.

12 қазан күні полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде  осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 – бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру