Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан монша әкімшісі ұсталды

Талдықорғанда интимдік қызметтер көрсетуге жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді.

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру