Түркістандық полицейлер туған елге оралған қандастардың төлқұжатын ресімдеуге көмектесті
Түркістан облысының Полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелден келген бірқатар қандастарымыздың төлқұжаттарын ресімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар туған елге оралғалы алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтайтын құжаттармен құжаттандырылды.
Атап айтсақ, 2008 жылы Ким Ольга, ал 2016 жылы Алимбекова Гулнора елімізге келіп, қоныстанған.
Олар өздерінің тұрған елдерінен тіркеуден шығып, тарихи отаны – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға түрлі себептермен тырыспаған.
Алайда бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің көмегімен олардың заңды мәртебесі анықталды.
Өз кезегінде аталған тұрғындар полицейлердің көмектеріне ризашылықтарын білдірді.