Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған құқық бұзушылар анықталды

Түркістан облысының полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 18 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық ісшарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтар анықтау болып табылады. Айта кетсек, шара ағымдағы жылдың 11 қарашасына  дейін жалғасады.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шара аясында Шардара АПБ-нің ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының инспекторларымен Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған құқық бұзушыларды анықтады. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша 18 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, әрқайсысына 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.  

Сондай-ақ, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары тұрғындар арасында Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру