Талдықорған полициясы ауыр қылмыс жасап жауапкершіліктен жалтармақ болған адамды ұстады
Алматы облысының полицейлері ауыр қылмыс жасаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қазанда Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне Талдықорған қаласының 42 жастағы тұрғыны бас-ми жарақатымен ауыр халде түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді.
– Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алдымен оқиға орнын, содан кейін 32 жастағы күдіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндік туды. Ол бұрын алаяқтық, ұрлық және тонау қылмыстары үшін үш рет сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Жеті жылдан астам уақыт түрмеде отырған ер адам қашуға бел байлаған, алайда тәртіп сақшылары оның жүрген жерін анықтап, оны Сарқан қаласынан ұстады, – деп хабарлады Талдықорған ҚПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Шаханов.
Күдікті қамауға алынды.