Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ауыл тұрғыны карантин шектеулеріне қарамастан көкпар ұлттық ойынын ұйымдастырған

Қызылорда облысында ауыл тұрғыны көкпар ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұза отырып, туыстарын жинап, той жасап жатқан азаматтар саны азаяр емес.

Санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша мобильдік топтар 2020 жылғы 5 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін карантин шектеулерін бұзудың 758 фактісін анықтады.

Мысалы,  2020 жылғы 24  қазанда Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны 60 адамды жинап, үйлену тойын өткізген. 25 қазанда Арал ауданының тұрғыны баласының үйлену тойын жасап, 40-50 адам шақырған.

Жаңақорған ауданы  Екпінді ауылының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, шамамен 100 адам жинап, көкпар ұлттық ойынын ұйымдастырған.

Қызылорда облысының полицейлері бүкіләлемдік пандемияға байланысты қауіптің әлі сейілмегенін, сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру