Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер құрылыс алаңындағы ұрлықты ашты

Мақтааралдық полицейлер құрылыс алаңындағы ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-на «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Арызданушы полицейлерге құрылыс алаңынан еден іргесінің (плинтус) ұрланғанын айтқан. Тәртіп сақшылары хабарлама бойынша бағыт алып, оқиға орнына бірден жетеді.

Құрылыс компаниясына келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Мақтаарал АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел шараларды іске асырды. Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру жұмыстары барысында күдікті туысының үйінен ұсталды. Ұсталған азамат жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толығымен мойындады.

Полицейлердің еңбегінің арқасында қолды болған барлық заттар тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. 

Тергеу барысында анықталғандай күдікті өз арам ойын іске асырған соң, ұрланған заттарды сатып жібермек болған. Алайда тәртіп сақшыларының жедел қимылдауының нәтижесінде арам ойы іске аспай қалды. Бүгінгі таңда полицейлер күдіктіні қамауға алып, тергеуді жалғастыруда. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Егер де сіз ұрлықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру