Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері кезекті браконьерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері балық аулаған кезекті браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында Сырдария өзенінің жағасында заңсыз балық аулау жайтын анықтады. Рейд кезінде полицей Жанболат Сапарбаев қайықтың көмегімен өзенде балық аулап жүрген браконьерді ұстады. Ұсталған азамат жергілікті тұрғын болып шықты, одан тәртіп сақшылары бес келіге жуық балықты, қайық пен балық аулау құралдарын тәркіледі.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Келес АПБ-нің СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркеді. Күдікті қолхатта. Қазіргі уақытта браконьерлік жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 11 қарашасына дейін жалғасатын «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, оның ішінде браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және экологиялық қылмыстарды ашу.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД полицейлері азаматтарды заңды бұзбауға және табиғат пен жабайы жануарларды қорғауға шақырады. Егер сіз табиғат қорғау заңнамасын бұзумен байланысты қылмыстардың куәгері болсаңыз, дереу полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру