Атыраулық полицейлер бір күнде Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған 12 көлік жүргізушісін анықтады
Атырауда иелерінің сақтандыру полисі жоқ автомашиналарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әдетте бұл ресейлік нөмірлермен жүрген тіркелмеген көліктер болып табылады.
Біріншіден, сақтандыру полисінің жоқ болуы өзінше жеке құқық бұзушылық болып саналады. Екіншіден, бұл фактор жүргізушінің нақты мекенжайы белгісіз болғандықтан, жол қозғалысы ережелерін бұзған көлік жүргізушіге айыппұл төлеу туралы хабарлама жіберуге кедергі келтіреді.
Рейдік іс-шаралар бүгін басталды, бір күнде полицейлер осындай 12 автомашинаны анықтады. Мысалы, аталған машиналардың бірінің иесі жалпы сомасы 500 мың теңге болатын 34 айыппұлды төлемеген.
Барлық 12 автомашина айып тұрағына қойылды.
Олардың иелері Қазақстан Респбликасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.