Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі жауапқа тартылуда

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері жеңгетайлық фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы адам саудасына қарсы күрес тобының қызметкерлері жеңгетайлық фактісін анықтады.

Жедел уәкілдер сауналардың бірінде сыйақы үшін жыныстық қызмет көрсететін қыздарды шақыртуы мүмкін деген ақпарат алған. Ақпаратты тексеру барысында жұмыс орнында болған аталған саунаның әкімшісі телефон арқылы клиенттерге жыныстық қызмет көрсету үшін екі қызды шақыртқаны анықталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Петр Климов айтуынша, адам саудасы мен жеңгетайлық фактісін анықтау мен алдын алу криминалдық полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер екі мақсатты көздейтін «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде жұмыс істеді. Алайда, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау ЖПІШ барысымен шектелмейді, аталған жұмыс ұдайы жүргізіледі.

Жыл басынан СҚО полицейлері бес жеңгетайлық фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру