Шығыс Қазақстан облысындағы қатаң режимдегі колонияда құнарлы мал азығын әзірлеу басталды
Шығыс Қазақстан облысындағы қатаң режимдегі колонияда сүйектен мал азығын дайындайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың қазан айынан бастап мұнда сүйектен ұн даярлайды. Бұл жануарлардың сүйектерін үгіту және кептіру жолымен жасалатын мал азығы болып табылады. Өңдеудің бұл тәсілі қажетті ақуыз және протеиндармен байытылған малға, құсқа және үй жануарларына арналған белоктық-минералды азықтың барлық пайдалы қасиеттерін сақтайды.
Дайын сүйек ұны сұр түсті, ұнтақ тәріздес, құрғақ және ұсақ, қоспаларсыз және кесексіз, ерекше иіске болып келеді, оны құрғақ жерде сақтау керек.
Сүйек ұнтағын жасайтын сүйекті үгіткіш, конвейерлі бункер, балға диірмені, бұрандалы конвейерлері бар құрылғыларды да сотталғандар өз қолдарымен жасаған.
– Азықтың бұл түрін даярлау туралы ой бізге жазда келді. Біз сол кезден бастап мекеменің асханасынан сүйектер жинай бастадық. Ал аппарат жасау бізге оңайға түскен жоқ. Мекеме әкімшілігіне, әсіресе мекеме бастығы Самат Зарыккановичке көрсеткен көмегі үшін алғысымыз шексіз. Өзіме ұнайтын жұмысымның болғанына ризамын және бұл жұмыстың арқасында өз қызыма қамқор болуыма мүмкіндігім де бар, – дейді сотталған Қазбек.
– Сотталғандарды міндетті еңбекке баулу көптеген елдердің заңнамаларымен қарастырылған. Алайда қазіргі таңда еңбек – сотталғандарды жазалау шарасы емес, олардың түзелуіне және әлеуметтік оңалуына бағытталған түзеу мекемесінің ішкі тәртібінің жағымды бір бөлшегі болып табылады, Жалақысы төленетін еңбек–ол қалыпты өмірге ынталандыру. Сотталғандар ақысы төленетін жұмыс істеу арқылы олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген шығынды өтеп қана қоймай, өздерінің бостандықтағы туыстарына материалдық тұрғыдан көмек көрсете алады, – дейді мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.