Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көшеде адасып қалған бүлдіршіннің анасын тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған үш жасар бүлдіршінді ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ның жедел уәкілі Жандос Құндызбаев өз қызметін атқару барысында көшеде жылап жүрген үш жасар баланы көреді. Полицей бірден кішкентай бүлдіршіннің жанына барып аты-жөнін, ата-анасын сұрай бастайды. Алайда тілі толық шыға қоймаған балақай нақты жауап бере алмайды. Содан тәртіп сақшысы оның ата-анасын табу мақсатында жедел-іздестіру шараларына бірден кіріседі. Баланы қызметтік көлігіне отырғызып, көше-көшені аралап, тұрғындардан сұрастырады. Нәтижесінде баласын іздеп жүрген кішкентайдың ата-анасын тауып, ұлын дін-аман табыстайды. Белгілі болғандай, ата-анасы үй шаруасымен айналысып жүргенде, бала байқаусызда ашық тұрған қақпадан шығып кетіп, үш көше ары ұзап кетіп, кейіннен адасып қалған. Көмекке дер кезінде келген полицей баланы аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.

Баласынан көз жазып қалған ата-ана тәртіп сақшыларына өз ризашылықтарын білдірді.
Кішкентай ұлымен қауышқан ана:

– Үш жасар ұлымды тауып берген полиция қызметкері Жандос Құндызбаевқа алғысымды айтамын! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!, – деп шынайы алғыс айтты.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды бала тәрбиелеу кезінде жауапкершілік танытып, көзден таса етпеу керектігін ескертеді. Әсіресе тілі шықпаған бүлдіршіндерді жасы үлкендердің қарауына сеніп тапсырып, бақылауда ұстау қажеттігін айтады. Әр ата-ана өз баласына деген жауапкершілікті жіті түсінгені жөн. Егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Облыс полицейлері жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру