Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз қару сақтағандарды Түркістан облысының полицейлері анықтады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз қару сақтаған тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз, еш жерде тіркелмеген қаруларды анықтау мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіп отырады. Осындай кезекті рейд барысында бәйдібектік полицейлер заңсыздықты әшкереледі.

Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың қараша айында Бәйдібек ауданы бойынша бұрын соңды ішкі істер органдарында тіркелмеген және құжаттары жоқ алты дана тегіс ұңғылы аңшы қарулары тәркіленіп алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша алты жайт, және қаруды сақтау тәртібін бұзған бір азаматқа 484-бабы бойынша хаттама толтырылды. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды.

Өз кезегінде аудан полицейлері ескертеді. Қоғамдық тәртіпті сақтап, заңға бағыныңыздар. Қандай да бір құқық бұзушылық іс-әрекетке куә болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру