Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері көлікті айдап әкетудегі күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері көлікті айдап әкетудегі күдікті ТҚКС жұмысшысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашада Петропавлдық патрульдікполицейлер үйлердің бірінің ауласынан салоны ластанған қараусыз қалдырылған “Honda CRV” автокөлігін байқаған. Оның иесі 64 жастағы Петропавл тұрғыны көлігін жөндеу үшін техникалық қызмет көрсету станциясына қалдырғаны белгілі болды. Ер адам полицияға арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол ТҚКС жұмысшысы, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 1974 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Күдікті ұстау кезінде масаң күйде болғандықтан, одан жауап алу кейінге қалдырылған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу туралы шара таңдалды.

Ұрлау мақсатынсыз көлікті айдап әкетудің дені ішімдіктің салдарынан жасалатынын тәжірибе көрсетіп отыр, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Пётр Климов. — Ұсталғандар өз әрекеттерін “қыдырып қайту” ниетінен жасалды деп түсіндіріп жатады. Көбіне мұндай ой көліктің қолжетімділігінен туындайды. Барлық көлік иелерінен өз мүлкін сақтау мәселесіне ұқыпты қарауды, көлік құралының кілтін қараусыз қалдырмауды, жарық жақсы түсетін жерлерге, бейнекамералардың шолу аймағына қоюды сұраймыз. Сонымен қатар, автомобильден ұрлау тәуекелін азайту үшін көлік салонында ақша, құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаған дұрыс.

Барлығы жыл басынан облыс полицейлері СДТБТ-ға ҚР ҚК 200-бабы бойынша 81 факті енгізді. Қазіргі уақытта оның 64-і өндіріспен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру