Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды

Түркістан облысының полицейлері Кентау және Түркістан қалаларында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі сотқа жіберді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. 

2020 жылдың мамыр айында Түркістан облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың құны 70 миллион теңгеден асатын 150-ден астам жылқысы мен сиырын ұрлаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстаған болатын.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біз үш жыл бойы мал ұрлығымен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелерін құрықтадық. Тергеу барысында қылмыстық топтың мал ұрлығының 19 дерегіне қатысы толық дәлелдеді. Қылмыстық топ мүшелері әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындаған. Бірі жайылымнан малды ұрлап, енді бірі оларды жасырып, ал үшіншілері ұрланған малды сатумен немесе етке өткізумен айналысқан. Кентау қалалық сотының шешімімен қылмыстық топтың бес мүшесі сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, біреуіне іздеу жарияланды», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Бұдан бөлек, өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Түркістан облысында тіркелген мал ұрлығының жалпы саны 30% (365-тен 255-ке дейін) төмендеген. Мал ұрлығының ауыр түрлерінің ашылуы 71,7%-дан 78,6%-ға дейін жақсарды.

Жыл басынан бері облыс полицейлері 77 мал ұрлығына қатысы бар 35 адамнан құрылған 13 қылмыстық топты ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру