Алматыда 17 жастағы қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі анықталды
Жасөспірім қызды жезөкшелікпен айналысуға оның жерлесі итермелеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Аталған азаматша жезөкшелікпен айналысуға 17 және 22 жастағы қыздарды тартқан. Жезөкшелер ошағы Медеу ауданының Пушкин көшесі бойында орналасқан тұрғын үйде ұйымдастырылған. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның Алматыға өзінің жерлестерін жалақысы көп жұмыс тауып беремін деген желеумен алдап шақырып алғаны белгілі болды. Алайда оларды жезөкшелікпен айналысу күтіп тұрған болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдікті қамауға алынды»-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сондай-ақ полицияда ұсталған азаматшаның бұрын өзінің жаңа туған баласын сатқаны үшін қылмысты жауапкершілікке тартылғандығын атап көрсетті.