Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер тұрғындарға көмек ретінде тегін бетперделер таратты

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтау мақсатында тұрғындарға бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баршамызға белігілі биылғы наурыз айынан бері елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты карантин режимі енгізіліп, бүгінгі күнге дейін карантиндік режим жалғасып келеді. Карантин шектулері жеңілдегенімен, көшеде, қоғамдық орындармен адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу режимі әлі де сақталуда.

Осыған орай 2020 жылдың 12 қараша күні Келес АПБ ЖПҚ ППТ қызметкерлері Келес ауданы көлемінде көшелерде және адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин режимін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өздерінің тарапанынан тұрғындарға көмек ретінде тегін бетперделер таратты. Сонымен қатар саптық және арнайы бөліністерде жауынгерліктің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру мақсатында жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін кеңінен түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар атқарды.

Түркістан облысының полицейлері өңір тұрғындарына арақашықтық пен бетперделік режимді сақтауды, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындарды өткізбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру