Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір тәулікте 37 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістандық полицейлер жол қауіпсіздігін сақтау бойынша күнделікті іс-шаралар ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен күн сайын «Қоғамдық тәртіпті сақтау», «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Шараның басты мақсаты – жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларын төмендету және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларының алдын алу болып табылады. Профилактикалық іс-шара кезінде басқарманың жергілікті полиция қызметінің инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулікте 37 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолағы белгіленбеген жолдарды кесіп өткені бойынша 30 жайт, карантин талаптарын сақтамағаны үшін жеті дерек тіркелген. 

Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша 200-ден астам азаматтарға тиесілі шаракөрілді.
Өз кезегінде көлік жүргізушілері де аталған шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын көрсетіп, жол қозғалысын реттеп, апатты болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жүрген облыс полицейлеріне алғыстарын білдірді. Құрметті жүргізушілер, соңғы уақыттағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны күннен-күнге артып отырғаны қоғамды да, тәртіп сақшыларын да толғандырып отыр. Сол себепті, көлік жүргізушілеріне шамадан тыс жылдамдықты арттырмай, көліктің ақауы болса мән беріп, қарсы жолға шығып кетпей, көліктермен жарыспай, бұрылыс жарықтарын жағып, қауіпсіздік белдігін тағып, апатқа алып келетін әрекеттерге жол бермеу керектігі мұқият түсіндірілді.
Алдағы күндері де осы бағыттардағы жұмыстар өз жалғасын табады. Тұрғындар, жол жүру ережелерін өзге үшін емес, өзіңіз үшін сақтауыңыз керек. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру