Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің үйіне кіріп, тұрмыстық заттарды ұрлап кеткен азамат қамауда

Кентаулық полицейлер тұрғынның үйіне заңсыз кірген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданады. Ол арызында белгісіз біреулер үйіндегі теледидар мен қысқа толқынды пешін және газ балонын ұрлап кеткенін көрсетеді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Бұл іс бойынша полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде учаскелік полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайынан күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеушілердің күдікті азаматтан жауап алу барысында, түнгі 11-лер шамасында үйіне заңсыз кірген. Ол кезде жәбірленуші ер адам үйінде болмаған. Мұны күдікті алдын ала біліп, жоспарлап отырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 302 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ күдікті бұрын сотты болмаған. Бүгінгі таңда күдікті қамауда.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру