Алматы полициясы үлкен үміт арттыратын жас тергеуші туралы айтты
Алматы полициясы үлкен үміт арттыратын жас тергеуші туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әңгіме Жетісу аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Бәрімбек Әбжаппар туралы болып отыр.
Бәрімбек отбасында әкесі ішкі істер органдарында қызмет еткен кезден бастап, полицейлік атмосфераны сіңірді. Дәл сол кезде бала Бәрімбек полиция қызметкері болуды шешті. Жас кезінде ол тергеушілер туралы фильмдер, бағдарламалар қарады, кітап оқыды, тергеушілердің өміріне қызықты. Бәрімбек өзінің арманына қарай нық жүрді. Ол үнемі спортпен шұғылданды, жақсы оқыды. 2014 жылы лицейді бітіргеннен кейін жігіт ҚР ІІМ Қарағанды Академиясына оқуға түсті. 2018 жылы жас лейтенант жолдамамен Жетісу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі қызметіне тағайындалды.
– Жас маманға тәжірибелі тәлімгер – полиция капитаны А.Таиров тағайындалды, ол үлкен жауапкершілікпен қызметте әріптесіне көмектесу міндетін алды. Бәрімбек үлкен құлшыныспен тергеу жұмысының негіздерін игере бастады, оқу барысында алған білімдерін іс жүзінде қолдана бастады. Алты ай ішінде тергеуші Әбжаппар адамға қатысты қылмыстық істерді тергеуде жақсы нәтиже көрсете бастады. Қазіргі уақытта ол әр түрлі санаттағы қылмыстық істерді жедел және тиімді тергейтін, сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде бірдей, тәжірибелі және сауатты тергеушілердің бірі болып саналады. Жастығына қарамастан тергеуші Әбжаппардың өзі қазірдің өзінде тәлімгер және қызметке келген жас полиция қызметкерлеріне білгенін үйретеді, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Санавар Момынжанов.