Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкердің үйінен 7 миллион теңгені ұрламақ болған ер адамдар ұсталды

Ақмолалық кәсіпкер қызметкерлеріне арналған ақшаны ұрлаудың алдын алғаны үшін полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«АСКОП» ЖШС директоры Асхат Құттыбаев Егіндікөл ауданының ПБ қызметкерлерінің атына алғыс сөздерімен жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, Егіндікөл ауылындағы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында 2020 жылдың 27 қазанына қараған түні қылмыс жасалған жерде «АСКОП» ЖШС үй-жайынан жеті миллион теңгеден астам ақша қаражатын ұрлауға тырысқан екі ер адам ұсталды.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл ақша қаражаты оның жұмысшыларына жалақы төлеуге арналған, ал егер олар нақты ұрланған болса, ЖШС қызметкерлері ақшасыз қалулары мүмкін еді.

Осыған байланысты Асхат Құттыбаев Егіндікөл ауданының барлық полицейлеріне жедел және үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін шынайы алғысын білдірді.

Өз кезегінде полиция бөлімінің басшылығы полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы білікті пікірін бағалап, қарамағындағыларға алғыс айтқандары және олардың қызметіне жоғары баға бергені үшін шынайы ризашылығын білдіреді.

Азаматтардың алғысы әрбір полиция қызметкері үшін ынталандыру болып табылатынын атап өткім келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру