Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері Жітіқара тұрғынынан жарты келіге жуық героин тәркіледі

Жітіқара тұрғыны жалпы салмағы жарты келіге жуық героинді еденнің астында сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті  тұрғын жарты келіге жуық героинді үйінде сақтаған. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полицейлер таразыны, сондай-ақ бір миллион теңгеден астам ақша сомасын тәркіледі.

“Дәрмек” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген арнайы операцияның егжей-тегжейі туралы Жітіқара қаласы және ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Шандалинов айтып берді.

– Есірткі сатушыны ұстау операциясы 2020 жылдың қазан айында басталды. Бізге қала аумағында героин пайда болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел-тергеу іс-әрекеттері арқылы біз есірткі сатушыны анықтадық. Шекара қызметі мен полицияның арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің  көмегімен 39 жастағы қала тұрғыны жанармай құю бекетінің жанында ұсталды, – дейді Әлібек Шандалинов.

Күдіктінің үйі мен гаражына тінту жүргізу кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 499 грамм героинді тәркіледі. Есірткі еденнің астындағы  жасырын қоймада сақталған.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қызметтік іздестіру иттері пайдаланылды.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық істі тергеу аясында облыс аумағына есірткі жеткізу арналары анықталуда.

Тұтастай алғанда жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 473 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 730 грамм героин және 260 грамм синтетикалық психотроптық заттар мен олардың аналогтары алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру