Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Украина азаматы жолда көмек көрсеткен полицейлерге алғыс жолдады

Украина тұрғыны жолда көрсеткен көмегі үшін Ақмола облысының полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Aғымдағы жылдың 18 қарашаға қараған түні “Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті” автожолының 58 шақырымында фургон жүргізушісінің көлік құралында электрқұрылғысы істен шыққан және оған түні бойы жарықты күтуге тура келді, өйткені фараларсыз ол өз жолын жалғастыра алмады.

Жүргізушінің айтуынша, ол елордадан азық-түлікті жеткізу үшін жүк тиелген тіркемесі бар автокөлікпен Павлодар қаласына бара жатқан.

Жүргізушінің айтуынша, ол бірнеше сағат бойы жолда тұрған кезде бірде-бір жүргізуші тоқтамаған, және де автокөлікпен не болғанын Да сұрамаған.

Алайда, ПД патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары полицейлер Батыр-Баян Торғаев пен Тұрар Нұрғазы тоқтап, тоқтау себебін сұраған.

Полицейлердің айтуынша, көлікте қозғалыссыз отырған ер адам тоңған, оған алдымен қызметтік автокөлікте жылынуды ұсынған, оны бірден тамақтандырған, жолға қажеттінің бәрін сатып алған және таңертең оны жолға жіберген.

Өз кезегінде Украина азаматы болып табылатын жүргізуші Анатолий Дораш Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлері үшін алғыс сөздерімен бейне үндеу жазуға шешім қабылдады.

Украина азаматының айтуынша, полицейлер жолдардағы жүргізушілерге шынымен қамқорлық жасайды, және бұл қызметкерлер Қазақстанда жоғарғы деңгейде жұмыс істейді.

Тәртіп сақшылары мұндай сәттердің қызмет ету кезінде жиі кездесетінін атап өтті.

– Қыста қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесеміз, көліктегі ақауларды бірге жойып, қызметтік автокөліктерде жүргізушілер мен жолаушыларды жылытамыз, ал жазда тас жолда ақауы бар автокөліктерге көмектесеміз, – дейді полицейлер. – Ауысымға түсе отырып, қызметкерлер кез келген жағдайда жүргізушілерге көмекке бағытталады, – деп атап өтті ПД патрульдік полиция ротасының командирі Талғат Ерденов.

Олардың ешқайсысы өз әрекеттерін керемет деп санамайды. Дегенмен, адамдардан келіп түсетін қарапайым алғыс сөздер, одан әрі қызмет етуге үлкен ынталандыру болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру