Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент: Полицейлер такси жүргізушісіне көмек көрсетті

Абайсызда арыққа автокөлігі түсіп кеткен такси жүргізушісіне тәртіп сақшылары көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 17 қараша күні таңғы сағат 04:40 шамасында Желтоқсан көшесінің бойында орын алған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі 3-рота 784-автоэкипажының қызметкерлері полицейлер Нұрлыбек Аребаев және Байбатыр Нұрислам қызмет атқару барысында жол жиегіне шығып қалған автокөлікті көріп, жедел түрде көмек көрсетеді. Яғни көліктің алдыңғы доңғалағын арықтан шығару үшін автокөлікті көтеріп, қозғауға әрекет жасайды. Қос тәртіп сақшысы бірлесе көлікті жылжытып, жол бойына шығарып береді. Жалғыз өзінің шамасы жетпей біраз әбігерленген жүргізуші полицейлерге алғыс айтып, сапарын жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру