ІІМ-де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен онлайн кездесу өткізіледі
ІІМ-де пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету тақырыбына арналған онлайн кездесу өткізіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбында Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізу шеңберінде 2020 жылғы 23 қараша күні сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін онлайн режимде Youtube каналында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтеді.
Аталған іс-шарада пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланады.