Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бір күнде мас күйде көлік жүргізген 11 жүргізуші ұсталды

Ақмолалық полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 677 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикада “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуіне байланысты 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында патрульдік полиция жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілген.

Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу және анықтау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру.

Жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша Ақмола облысының полицейлері облыстағы апаттылық деңгейіне айтарлықтай әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзудың 677 фактісін анықтады.

11 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралдарын басқаруының 10 фактісі анықталды.

56 жүргізуші жылдамдық режимін арттырғаны, 5 жүргізуші өз көлігін тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтағаны, 67 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, 40 жүргізушіге қатысты көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін хаттама толтырылды, маневр жасаудың 24 фактісі анықталды. 36 жүргізуші техникалық тексерудің жоқтығы үшін жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың бір фактісін анықтады. Мамандандырылған тұраққа 18 авто-мото-көлік құралы қойылды.

 Жедел алдын алу іс – шарасының бірінші күні 116 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.