Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жергілікті кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

Жамбылдық полицейлер кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін облыстың екі тұрғынын ұстады.

15 қарашада полицияға 49 жастағы аудан тұрғыны атыс жарақатымен жүгініп, түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйінің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.

Алайда үй иесі ақша беруден бас тартқан, сондай-ақ кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болған, алайда қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру