Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері студенттерге есірткінің зиянды әсері жөнінде дәріс өткізді

Абай облысының полицейлері студенттерге есірткінің зиянды әсері туралы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі – адамның психикасы мен мінез-құлқына кері әсер етеді. Оны тұтыну психикалық және физикалық тәуелділіктің (нашақорлықтың) қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Нашақорлық қазіргі уақытта бүкіл әлемдік қауымдастықты толғандыратын өзекті тақырыптардың бірі. Бұл нашақорлықпен ауыратын отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай. Нашақорлық жастарға, атап айтқанда мектеп оқушылары мен студенттерге әсер ететіндігі өкінішті.

Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу  Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жүктелген.

2023-2025 жылдарға арналған “Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар” аясында полиция қызметкерлері Семей қаласының наркологиялық қызмет бөлімінің наркологымен бірлесіп, Шәкәрім атындағы университет студенттерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу.

Студенттерге түрлі есірткі құралдарын қолданудың зияны туралы бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру