Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен онлайн кездесу өткізіледі

ІІМ-де пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету тақырыбына арналған онлайн кездесу өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы”  тақырыбында Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізу шеңберінде 2020 жылғы 23 қараша күні сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін онлайн режимде Youtube каналында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтеді.

Аталған іс-шарада пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері  талқыланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру