Атырауда екі жастағы сәбиді ит қапқан
Атырау полицейлері баланы қапқан итті тауып, иесін жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қараша күні сағат 16.51-де «102» операторына Жұлдыз-2 ықшам ауданының тұрғынынан жас сәбиді ит қапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 2018 жылы туған сәбиді
жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Полиция қызметкерлері жүргізген жан-жақты іздеу шараларының нәтижесінде сәбиді қапқан ит сол ықшам аудандағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан табылды.
Иттің иесі – 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны да анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.