Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда екі жастағы сәбиді ит қапқан

Атырау полицейлері баланы қапқан итті тауып, иесін жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша күні сағат 16.51-де “102” операторына Жұлдыз-2 ықшам ауданының тұрғынынан жас сәбиді ит қапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 2018 жылы туған сәбиді
жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Полиция қызметкерлері жүргізген жан-жақты іздеу шараларының нәтижесінде сәбиді қапқан ит сол ықшам аудандағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан табылды.

Иттің иесі – 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны да анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру