Алдау арқылы ұялы телефонды иемденген алаяқ ұсталды
Қарағандылық полицейлер ұялы телефонды заңсыз иемденіп кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 33 жастағы әйел адам хабарласып, белгісіз біреудің қоңырау шалуға ұялы телефонын сұрап алып, қашып кеткендігі туралы арызданды.
Жәбірленушіге алты мың теңге көлемінде шығын келтірген күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полиция қызметкерлері күдіктінің ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған Теміртау қаласының 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
23 қарашада күдікті ұсталып, қылмысын мойындады.