Елордадағы террористік тұрғыда осал мекемелердің кемшіліктері анықталды
Елордадағы террористік тұрғыда осал мекемелер өрескел бұзушылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осылайша, тексеру барысында мекемелердің бірінде террористік тұрғыда осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылу талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылықтары анықталды. Акционерлік қоғам 500 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда үйлерінің және адамдар көп жиналатын өзге де орындардың терроризмге қарсы қорғалуына ерекше көңіл бөледі.
Тексеріс көрсеткендей, бірқатар өрескел кемшіліктер анықталды.
Мысалға, Нұр-Сұлтан қаласының екі жалпы білім беретін мектебінде терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік төлқұжаты әзірленбеген. Сонымен қатар, білім беру мекемесінің қызметкерлері террористік қатер жағдайындағы әрекетке төмен деңгейде дайын болған, бұл ең маңызды тармақтардың бірі болып табылады.
Жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша ҚР ҚК-нің 149-бабымен түрлі санаттағы 11 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті террористік тұрғыда осал объектілердің басшыларына объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласына қатысты заңнама талаптарын сақтауды ұсынады.