Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткердің жиған-тергенін қолды қылған күдікті құрықталды

Теміртаулық ұры зейнеткердің пәтеріне кіріп, жиған ақшасын үптеп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 82 жастағы зейнеткер жүгініп, белгісіз біреудің оның пәтеріне кіріп, 330 мың теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

25 қарашада «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдікті ретінде 38 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру