Ақтауда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Ақтау қаласының полицейлері патрульдеу барысында 2022 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі сағат 23.00-де патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Mitsubishi Outlander» маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің исі шығып тұрған, медициналық куәландыру нәтижелері полиция қызметкерлерінің күдігін растаған.
Бұдан басқа көлік тізгінінде отырған азаматтың көлік құралын басқару құқығының жоқтығы, сот шешімімен оның 2022 жылға дейін осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.