Кентаулық полицейлер 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Кентаулық полицейлер екі күн ішінде 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-нің полицейлерімен жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру жол көлік оқиғаларын төмендету және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Осы бағытта ағымдағы жылдың 25-26 қараша күндері аралығында 137 құқық бұзушылық анықтады: Олар: ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы іс әрекеттер) – төрт хаттама толтырылған. Ал, 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау) – бір хаттама, 200-бабымен (Алкоголь өңімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – бір хаттама, 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) – алты хаттама толтырылып, құқық бұзушы тұрғындар жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес (Тыныштықты бұзу) – үш жайт, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу) – 17 жайт, 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) – жеті жайт, 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) – екі жайт тіркелді.
Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 21 дерек, 591-бабы (Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы) – 13 дерек, 593-бабы (Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау) – бойынша 29 хаттама толтырылды. 600-бап (Жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу) – бес азамат, 615-бабы (Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы) – 26 азамат, 612-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) – екі азаматқа шара көрілді.
Сол себепті жолда жүргенде ережеге бағынып, қауіпсіздікті сақтауларыңызды сұраймыз.