Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагер-тәлімгерлер жас полицейлерге идеологиялық жұмыстар жүргізуде

Қызылордада ардагер-тәлімгерлер жас полицейлерге көмек беріп, идеологиялық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдары жүйесінде кадр қызметі маңызды болып табылады. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы кадр бөлімшесінің қызметкерлері қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамды тәрбиелеу және кәсіби деңгейін арттыру бойынша үлкен және жауапты жұмыстарды атқаруда.

Идеологиялық жұмыстың озық нысандары мен әдістерін қолдана отырып, Қызылорда қаласы ПБ кадр саясаты бөлімі жеке құраммен идеологиялық жұмысты негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады. Олар: мемлекеттік-құқықтық дүниетанымды қалыптастыру; кәсіби-адамгершілік және мәдени-эстетикалық тәрбие; қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту; патриоттық тәрбие; жеке-тәрбиелік және психологиялық жұмыс; салауатты өмір салтын қалыптастыру; мәдени-бұқаралық жұмыс болып табылады.
26 қарашада басқарма ғимаратының саптық алаңында жеке құраммен ардагер, Қызылорда облысы полиция Департаменті бастығының кеңесшісі, Департаменттің “Ардагерлер кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы Серікбол Тұңғышбай кездесті. Іс-шара санитарлық талаптарға сай өтті.

Жас полицейлермен әңгімелесу барысында тәлімгер ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты кәсіби және адами қасиеттері әрдайым өзгермейтінін атап өтті. Идеологиялық қызмет ең мықты кәсіби дәстүрлерді сақтауға және дамытуға, қызметкерлердің ерлігі мен батырлығын насихаттауға, олардың қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға бағытталған.

Ұрпақтар сабақтастығының жалғасы ретінде тәлімгер жас полицейлерге өсиет-өнегелерін айтып, естеліктерімен бөлісті. Олар – қатардағы қарапайым полицейлердің бірі болып келіп, елеулі еңбектерінің арқасында жауапты қызметтерді атқарып, абырой биігінен көрінген жандар.

Аға буын тағылымын тыңдаған  қызметкерлер алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, қызмет бабында іске асырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру