Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны алаяқтық қылмысының құрбаны болды

Қызылорда тұрғыны алаяқтық қылмысының құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу “қайтарымсыз несие алып беремін” деп сеніміне кіріп, 500 мың теңге ақшасын жымқырған. Осы күнге дейін не уәде орындалмаған не ақша қайтарылмаған.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] Қызылорда тұрғыны алаяқтық қылмысының құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. […]

Жауап қалдыру