Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ПД командасы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен шағын футболдан турнирде үздік атанды

Қостанай облыстық ПД командасы мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан өткен турнирде үздік атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік басқару субъектілерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында “QAZAQSTAN QYZMET CUP” ұйымдастыру комитеті шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Жарысқа әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен олардың еншілес құрылымдарының намысын қорғаған 9 команда қатысты. Тартысқа толы өткен сайыс барысында Қостанай облысы ПД командасы бірінші орынды иеленді. Полиция қызметкері Аят Картбаев үздік ойыншы деп танылды.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, ведомствода спортшыларға белсенді қолдау көрсету әдетке айналған. Департаменттен құралған команда өз әлеуетін көрсетіп, үйлесімді ойын мен мықты командалық рухпен ерекшеленді. Сондай-ақ, QOSTANAY OYZMET CUP ұйымдастыру комитеті спорттық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру