Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер бөтеннің көлігін заңсыз иеленген тұрғынды ұстады

Қызылордалық полицейлер бөтеннің көлігін заңсыз иеленген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің ауласында тұрған “Ниссан Максима” автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы арызданады. Жәбірленушіге 4 млн 500 мың теңге залал келтірілген.

Аталған хабарлама бойынша автокөлікті іздестіру үшін “Тосқауыл” операциясы жарияланады. Көп ұзамай жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Департаменттің жергілікті полиция қызмет басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет аға инспекторлары Жарасхан Буганаев пен Ердаулет Шалқарбаев ұрланған автокөлікті бір жарым сағаттан кейін “Батыс-Қытай-Батыс-Европа” тас жолының Дерментөбе ауылының тұсында табады.

Заңсыз іс-әрекет жасаған 20 жастағы аудан тұрғыны анықталып, АПб-не жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру